18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысындағы мұздықтан табылған мәйіт эвакуацияланды (видео)

    ТЖМ құтқарушылары
    ТЖМ құтқарушылары. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында анықталған туристің мәйітін эвакуациялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Еске сала кетейік, Алматы облысы Талғар ауданында, Северцев мұздығының маңында, шамамен 3400 метр биіктікте туристер аты-жөні белгісіз адамның денесін тауып, бұл туралы ТЖМ-ге хабарлаған.

    Жұмыстарды жүргізу үшін құтқарушылар оқиға орнына жетіп, денені таудың қолжетімділігі қиын учаскесінен эвакуациялады. Оны жеткізу үшін "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды.

    Эвакуациядан кейін қаза тапқан адамды және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мәйіт Алматы облысының жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылды.

    Осы ретте ТЖМ таулы жерлерге жорыққа шығар алдында туристерге маршрутты алдын ала зерделеп, ауа райы жағдайын ескеріп, өз физикалық мүмкіндіктері бен дайындық деңгейін объективті бағалауды сұрайды.

    "Жоспарланған маршрут пен қайту уақытын жақындарыңызға хабарлаңыз. Өзіңізбен бірге қуатталған ұялы телефонды, байланыс құралдарын және қажетті жабдықтарды алып жүріңіз. Төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласыңыз", - деді ТЖМ өкілдері.

    Алматы облысындағы мұздықтан табылған мәйіт эвакуацияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram