Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жоғалған екі жасөспірім Аюсай шатқалында табылды (видео)

    Ескерту белгісі
    Ескерту белгісі. Кадр: t.me/qr_tjm

    Алматы тауларына жол тартқан екі жасөспірім хабарсыз кетті. Құтқарушылар оларды Аюсай шатқалынан тауып, ата-анасына тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    19 тамызда Алматы қаласының Бостандық ауданында, Үлкен Алматы шыңының маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3680 метр биіктікте екі жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

    Анықталғандай, жасөспірімдер 18 тамызда таңертең тауға шығып, сол күні қайтуды жоспарлаған. Алайда белгіленген уақытта үйлеріне оралмаған. Олармен байланыс болмаған, геолокация деректерін алу да мүмкін болмады.

    Іздестіру-құтқару жұмыстарына Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары дереу кірісті. Іздеу барысында жасөспірімдер Аюсай шатқалынан табылды.

    Құтқарушылар оларды таулы аймақтан қауіпсіз жерге шығарып, ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

    ТЖМ ескертпесі:

    • тауға шығар алдында маршрутты алдын ала зерттеп, ауа райы жағдайы мен жер бедерінің күрделілік деңгейін ескеріңіз.
    • жақындарыңызға маршрут пен қайту уақытын хабарлаңыз, телефонды қуатталған күйде ұстаңыз және тауға жалғыз шықпаңыз.
    • төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.

    Жоғалған екі жасөспірім Аюсай шатқалында табылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram