Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда тағы екі көше бір аптаға ішінара жабылады

    Жол жөндеу
    Жол жөндеу. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Алматыда екі көшеде 26 тамызға дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады. Мұратбаев пен Құрмет көшелері ішінара жабылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ AlmatyJoly-на сілтеме жасап.

    Алматы әкімдігінің мәліметінше, Мұратбаев пен Құрмет көшелерінің учаскелерінде жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.

    Мұратбаев көшесі

    Мұратбаев көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

    20 тамыз сағат 08:00-ден 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылады.

    Жол сызбасы
    Жол сызбасы. Фото: AlmatyJoly

    Құрмет көшесі

    Құрмет көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

    20 тамыз сағат 08:00-ден 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін Достық даңғылынан тұйық көшеге дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылады.

    Жол сызбасы
    Жол сызбасы. Фото: AlmatyJoly

    "Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскелерде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

    Алматыда тағы екі көше бір аптаға ішінара жабылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram