Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Әлі беті қайтпайды": елде биылғы жаздың аптап ыстығы бір ғасыр бұрынғы рекордты жаңартты

    Аптап ыстықта су ішіп тұрған қыз
    Аптап ыстық. Иллюстрациялық фото: Burak Akbulut/Anadolu via Getty Images

    Биылғы жаздың ыстық болғаны сонша, бір ғасыр бұрынғы рекорд жаңартылды. Шымкентте ауа температурасы +45 градустан асқан. Дәл осындай аптап ыстық өңірде 111 жыл бұрын тіркелген екен, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Ал нағыз ыстықтың көкесін түркістандықтар көрген. Мұнда термометр көрсеткіші +47,6 градусқа жетті. Алматыда да бірден төрт температуралық рекорд жаңарды. Биыл шілденің шіліңгірі тек оңтүстікті емес, елдің солтүстігі, шығысы мен орталығын да алқымынан алды. Әсіресе Астана, Өскемен мен Қызылордада жаз биыл ерекше ыстық.

    "Қазгидромет" мәліметінше, елімізде ұзақ уақыт бойы жоғары температураның сақталуына Иран мен Орта Азия аймақтарынан тропикалық ыстық ауа массаларының келуі ықпал еткен. Синоптиктер әзірге ыстықтың беті қайтпайды деп отыр.

    "Батыс өңірде және Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады. Күндіз бұл өңірлерде ауа температурасы +30, 38 градус. Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41 градусқа дейін көтеріледі. Қалған аумақтарда ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Қостанай облысында ауа температурасы +20,30 градус. Солтүстік облыстарда 17,28 градус. Орталық және шығыс өңірлерде 17,30 градус. Ал Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 30,38 градус болады деп болжанып отыр", - дейді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    "Әлі беті қайтпайды": елде биылғы жаздың аптап ыстығы бір ғасыр бұрынғы рекордты жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram