Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Арал теңізіндегі су деңгейіне қатысты жағымды жаңалық айтылды

    Солтүстік Арал теңізі
    Солтүстік Арал теңізі. Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

    Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 23,4 миллиард текше метрге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің мәліметінше, Солтүстік Арал теңізін сақтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

    Кейінгі жылдары қабылданған шаралардың нәтижесінде теңізге түсетін су көлемінің тұрақты болуы қамтамасыз етілді.

    Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 қазаннан бүгінге дейін Сырдария өзені арқылы Солтүстік Арал теңізіне шамамен 1,2 млрд текше метр су жіберілген. Биылғы вегетация кезеңінде теңізге секундына 14 текше метр су түсіп жатыр.

    Вегетация кезеңі аяқталғанға дейін су жіберу көлемін біртіндеп секундына 100-150 текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,4 млрд текше метрге жеткен.

    "Солтүстік Аралды сақтау мақсатында министрлік бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде Сырдария өзені бассейніндегі суды есепке алуды автоматтандыру және гидротехникалық нысандарды реконструкциялау жұмыстары бар.

    Сонымен қатар көршілес мемлекеттермен өзара іс-қимыл да күшейтіліп жатыр. Мәселен, былтыр Өзбекстан Республикасымен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Бұл – он жылға созылған келіссөздер процесінің нәтижесі", - деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

    Арал теңізіндегі су деңгейіне қатысты жағымды жаңалық айтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram