Алматыда 5 мың студентке жатақханада орын жетпей жатыр: министр мәселеге қатысты не дейді
Жарияланған күні:

Алматыда 5 мыңнан астам студентке жатақханада орын жетпей жатыр. Сала министрі бұл мәселе жыл соңына дейін шешімін табады деп сендірді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Келер, оқу жылынан бастап, еліміздегі барлық студентке жатақханадан орын үлестіріп беру цифрландырылып, электронды форматта жүзеге асырылады.
"Былтыр бізде 10 мыңға жуық төсек-орын берілді. Биыл 18 жатақхана, жалпы 6857 төсек орнымен іске қосу жоспарланған. Жаңа жатақханалар жастардың сұранысына сай, жайлы форматта жасақталуда. Оның стандарттары күшейтілді. Мысалы, Астана қаласында Қазақ ұлттық спорт университетінде жаңа 2 жатақхана 1,5 мыңнан астам студентті орналастыруға дайын", - дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2414502-almatyda-5-myng-studentke-zhataqhanada-oryn-zhetpei-zhatyr-ministr-maselege-qatysty-ne-deidi/
