Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда бал арасын құртатын кене қаптады: алдағы уақытта елде бал тапшы болуы мүмкін

    Құтыдағы бал. Көрнекі сурет
    Құтыдағы бал. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Биыл омарташылар аз өнім жинауы мүмкін. Оған себеп — араға зиян кенелер. Зиянкестерден төнген қауіп күшейгендіктен, мамандар омарта шаруашылығын залалсыздандырып жатыр. Алматыда отандық және шетелдік сарапшылар кенелермен күресу жолын талқылауға кірісті, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    "Зиянкес Қазақстанда былтыр пайда болған. Бұл кенені дер кезінде анықтап, залалсыздандыру жасалмаса, омарташылар балды аз жинайды. Соның салдарынан табысы төмендеп, жалпы әлеуметтік жағдайына да кері әсер етуі мүмкін", - дейді Н.В. Рудницкий атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық аграрлық ғылыми орталығы ара шаруашылығы зертханасының меңгерушісі Анна Брандорф.

    Tropilaelaps кенесі бал арасының тұқымын құртады, дейді мамандар. Сондықтан олар қажет болған жағдайда карантин жүйесін енгізуді ұсынды. Жиналғандар зиянкеспен күресу бойынша өз тәжірибесін ортаға салды. Мұнда 20-ға жуық мемлекеттен 40-тан астам сарапшы келген.

    Айта кетейік, осындай жиын елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Қазақстанда бал арасын құртатын кене қаптады: алдағы уақытта елде бал тапшы болуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram