Қазақстандықтар төлқұжат пен жеке куәлікті терминалдар арқылы ала алады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандықтар жеке куәлік пен төлқұжатты биометриялық терминалдардың көмегімен ала алады. Мұндай терминалдар жақын арада ХҚКО-ларда орнатылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Әділет" АҚЖ сайтында Цифрлық даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығы жарияланды. Онда "Биометриялық құжаттау терминалы" кешенін пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлік беру бойынша пилоттық жоба туралы айтылған.
Бұйрықта көрсетілгендей, қазақстандықтар төлқұжат пен жеке куәлікті арнайы терминалдар арқылы ресімдей алады. Бұл тәсіл кезек күтуді және көші-қон қызметінің мамандарына жүгінуді қажет етпейді. Терминалдар Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы, облыс орталықтарындағы және Байқоңырдағы "Азаматтарға арналған үкімет" фронт-офистерінде орнатылады.
"Жеке куәлік бойынша құжаттау тек оның қолданылу мерзімі өткен жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қызмет жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталуына 30 немесе одан аз күн қалғанда немесе мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспайтын уақыт өткен жағдайда ғана көрсетіледі.
Құжаттаудың басқа себептері бойынша қызмет электрондық үкімет порталы және мобильді қосымшалар арқылы көрсетілмейді. Бұл жағдайда қызмет алушыға "ресімдеу қолжетімді емес, ХҚКО-ға жүгініңіз" деген хабарлама келеді", - делінген құжатта.
Қызметті 28 тамыздан бастап пайдалануға болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2414369-qazaqstandyqtar-tolquzhat-pen-zheke-kualikti-terminaldar-arqyly-ala-alady/
