Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақмола облысында дәрігер пәтерінен айырылып қала жаздады

    дәрігер
    Дәрігер. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Ақмола облысының Степногорск қаласында терапевт дәрігер пәтерінен айырылып қала жаздады. Прокуратура іске араласып, медицина қызметкерінің құқығын қорғады, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметінше, дәрігер қызметтік тұрғын үйді 2013 жылы жас маман ретінде алып, қажетті 10 жыл еңбек өтілін адал атқарған.

    Алайда қалалық емхананың жеке компанияның сенімгерлік басқаруына берілуіне байланысты оған пәтерді жекешелендіруден бас тартылған.

    "Прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты қызметкердің тұрғын үй құқықтарын шектемейтіні және жалпы тәжірибелік дәрігердің заң талаптарына сәйкес келетіні және басқа тұрғын үйдің жоқтығы анықталды", - делінген хабарламада.

    Прокуратураның араласуымен заңсыз кедергілер жойылып, медицина қызметкерінің қызметтік пәтерді жекешелендіруге құқығы ресми түрде танылған.

    Ақмола облысында дәрігер пәтерінен айырылып қала жаздады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram