Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Оқып, жаза алмайтын баланы 1-сыныпқа алмай қоюы мүмкін бе: Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

    мектеп
    Мектеп. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен брифингте елдегі мектептерге балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Шынар Ақпарова ережеге сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау баланың дамуы мен дайындығына қарамастан жүзеге асырылатынын атап өтті.

    "Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар немесе тестілеу өткізуге жол берілмейді.

    Сондықтан ақылы дайындық курстарына бару – тек ата-ананың өз таңдауы және ол мектепке қабылдаудың міндетті шарты болып табылмайды", - деді вице-министр.

    Айта кетейік, бұған дейін Шынар Ақпарова 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілі енгізілетінін айтқан еді.

    Оқып, жаза алмайтын баланы 1-сыныпқа алмай қоюы мүмкін бе: Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram