Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 2-4-сынып оқушыларын бағалаудың жаңа тәсілі енгізіледі
Жарияланған күні:

ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова бастауыш сынып оқушыларын бағалаудың жаңа форматы туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шынар Ақпарова Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілін қайта қарағанын атап өтті.
Оған ата-аналардың өтініштері, педагогтердің ұсыныстары мен практикалық тәжірибесі, білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулердің қорытындылары негіз болған.
Оның айтуынша, критериалды бағалау жүйесі сақталады. Осыған сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілдері енгізіледі.
"Бірінші сыныпта баға қойылмайды. Жаңартылған тәртіпте формативтік бағалау сақталып, оның рөлі күшейтіледі. Ал оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі.
Ең алдымен формативтік бағалаудың тоқсандық бағадағы үлесі артады. Формативтік бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Тек балл қою тәсілі нақтыланады", - деп түсіндірді спикер.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2413866-qazaqstanda-1-qyrkuiekten-bastap-2-4-synyp-oqushylary-zhanga-tasilmen-bagalanady/
