Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тасжолдарда жылдамдық асырғаны үшін айыппұлдар жүйедегі ақауға байланысты жойылады: ІІМ мәлімдемесі

    жылдамдық
    Көлік. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстанда жолдардағы жылдамдық режимін бұзғаны үшін қате жазылған айыппұлдар анықталды. Ішкі істер министрлігі бұл айыппұлдар автоматты түрде жойылатынын мәлімдеді. Қаражатты қайтару тетігі пысықталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ІІМ-нің мәлімдеуінше, 13-14 тамыз аралығында Бас прокуратураның "ЕРАП" ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болған.

    "Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыру бойынша кейбір бұзушылықтар бірсәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген.

    Қазір әріптестерімізбен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

    Жүргізушілерге айтарымыз: ешқайда барудың, полицияға жүгінудің немесе дәлелдеудің қажеті жоқ. Қате қалыптастырылған барлық нұсқама анықталды және олар автоматты түрде жойылады.

    Тағы да атап өтеміз: мәселе тек тасжолдарда аталған техникалық ақаудың салдарынан қате рәсімделген айыппұлдар туралы болып отыр.

    Ал мұндай айыппұлдарды төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр. Жағдай бақылауда", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

    Тасжолдарда жылдамдық асырғаны үшін айыппұлдар жүйедегі ақауға байланысты жойылады: ІІМ мәлімдемесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram