Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Өскеменде баласын жоғалтып алған Қытай азаматтары полицияға жүгінді

    Қытай азаматтары мен полиция қызметкері
    Қытай азаматтары мен полиция қызметкері. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде 12 жастағы Қытай азаматы жоғалған. Полиция қызметкері шетелдік баланы тауып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы "ІІМ жаңалықтары" арнасына сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде 12 жастағы Қытай азаматы жоғалғаны туралы полицияға хабар түскен.

    Кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге Өскеменге турист ретінде келгені белгілі болды. Сауда үйіне келген кезде бала адасып қалып, ата-анасын өз бетінше таба алмаған.

    Оқиға орнына полиция қызметкері Бекжан Акрашов дереу жетіп, іздестіру іс-шараларын ұйымдастырған.

    Полицейдің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында 40 минут ішінде 12 жастағы Zhang Tang Bo табылды. Бала ата-анасына табысталды.

    Кәмелетке толмаған баланың анасы полицейге көрсеткен жедел көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

    Өскеменде баласын жоғалтып алған Қытай азаматтары полицияға жүгінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram