Түркістан облысында мың жарым жылдық тарихы бар қаланың орны табылды
Жарияланған күні:

Түркістан облысында жол бойынан 1,5 мың жылдық тарихы бар көне қаланың орны табылды. Бірлік ауылының маңындағы қазба кезінде археологтар керамикалық ыдыстардың сынықтары мен темірден жасалған еңбек құралдарын анықтаған, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, дрондар мен заманауи технологиялардың көмегімен көне қаланың Цитадель, Шахристан және Рабад бөліктері белгіленді.
Зерттеушілер бұл аумақтың Қазақ хандығы тұсында түрлі тайпалар мекені болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Қаланың кей бөліктері уақыт өте келе зират пен егістік алқаптың астында қалған. Табылған жәдігерлер зертханалық сараптамаға жіберіліп, олардың нақты жасы мен тарихи маңызы анықталады.
"Бұл қалашық туралы Николай Подушкиннің 1962 жылдардағы зерттеуінде оның VII-XII ғасырларға жататыны көрсетілген. Қазіргі таңда қаланың іргесі Қаңлы заманында қаланып, Оғыз дәуірінде, Қараханидтер кезеңінде, Алтын Орда дәуірінде, әсіресе Қазақ хандығы тұсында күшейгенін дәлелдейтін нақты материалдар табылып отыр", - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғұнақов.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2412983-turkistan-oblysynda-myng-zharym-zhyldyq-tarihy-bar-qalanyng-orny-tabyldy/
