Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда жарық сөнді: желі қолданушылары көшелердегі жағдай туралы жазды

    кептеліс
    Кептеліс. Фото: threads.com/@gera_iskander

    Алматыда электр қуатының жаппай өшірілуіне байланысты бағдаршамдар істен шықты. Жолдарда кептеліс байқалады. Тұрғындар жол қозғалысын өздері реттеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматыда электр қуатының жаппай сөнуіне байланысты бағдаршамдар істен шықты. Жолдарда кептеліс пайда болды.

    Қала тұрғындары желіде видео жариялауда. Олардың айтуынша, бағдаршамдардың істемей тұрғанына байланысты кей адамдардың жолға шығып, қозғалысты өздері реттеп жатыр.

    "Патрульдік көліктер қайда? Жарықтың жаппай сөнуіне байланысты адамдар қиылыстағы қозғалысты өздері реттеп жатыр", - деп жазды Threads қолданушысы mashina.ourdoor.

    Threads желісінің кейбір қолданушылары электр қуатының жиі сөнуіне байланысты мегаполисте "өмір сүру қиын болып бара жатқанын" атап өтті.

    "Алматыда расында да өмір сүру мүмкін емес болып барады. Электр энергиясы жиі сөнеді, бағдаршамдар істемейді.

    Қиылыстарда коллапс және өте қауіпті жағдайлар кездесіп жатыр. Осы ыстықта үйге жаяу қайттым, өйткені таксимен немесе автобуспен жүру қорқынышты. Бірақ реттелмейтін жолдан өту де қауіпті. Еш жерде полиция қызметкерлері жоқ. Оның үстіне бүгін концерт өтеді. Не болатынын елестетудің өзі қорқынышты, сондықтан үйден шықпаймын", - деп жазды gera.iskander есімді қолданушы.

    Алматыда жарық сөнді: желі қолданушылары көшелердегі жағдай туралы жазды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram