Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Елеулі қауіп төндіруі мүмкін": полиция мал иелеріне ескерту жасады

    Жолдағы сиыр
    Жолдағы сиыр. Иллюстрациялық фото: Pablo PORCIUNCULA / AFP via Getty Images

    Полиция мал иелерін қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Полиция жолға шығып кеткен мал – жол-көлік оқиғасына себеп болуы және жол қозғалысына қатысушыларға елеулі қауіп төндіруі мүмкін еске салады.

    "Әсіресе қараңғы уақытта және көлік қозғалысы қарқынды жолдарда мұндай жағдай аса қауіпті", - делінген хабарламада.

    Осыған байланысты полиция мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмай, олардың жайылымнан елді мекенге және автомобиль жолдарына шығып кетпеуін қатаң қадағалауды ескертеді.

    Сондай-ақ мал иелері жануарларды тиісті деңгейде күтіп-бағуды және жаюды қамтамасыз етіп, олардың жолға шығып кетуіне жол бермейтіндей қажетті шараларды қабылдауы қажет.

    "Жол бойында қараусыз жүрген малды байқаған жағдайда да барынша сақтық танытып, жол-көлік оқиғасының алдын алуға мән берген жөн.

    Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Жүргізушілердің қырағылығы мен мал иелерінің жауапкершілігі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

    "Елеулі қауіп төндіруі мүмкін": полиция мал иелеріне ескерту жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram