Аптап ыстық басылады: Қазақстанда демалыс күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Синоптиктер 15-17 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейтінін болжап отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ желдің екпіні күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Тек елдің батысында және Қызылорда облысында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.
Бұдан бөлек, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 тамызда Қостанай облысында, 15-16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Ауа температурасына келсек, Қазақстанның батысында күндіз ауа температурасы +18...+26 градустан +25...+33 градусқа дейін көтеріледі. Ақтөбе облысында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді: негізгі температуралық фон +20...+30 градус шамасында болады.
Мына өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде +15...+20 градустан +7...+12 градусқа дейін, күндіз +20...+30 градустан +15...+20 градусқа дейін;
- Ақмола және Павлодар облыстарында түнде +15...+20 градустан +10...15 градусқа дейін, күндіз +30...+35 градустан +17....+25 градусқа дейін төмендейді.
- Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерінде де қатты ыстықтың беті қайтады. Бұл өңірлердің оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +40...+41 градустан +23...+33 градусқа дейін;
- Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +38...+44 градустан +30...+37 градусқа дейін;
- оңтүстік-шығыста +40...+43 градустан +30...+36 грдаусқа дейін төмендейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2412763-aptap-ystyq-basylady-qazaqstanda-demalys-kunderi-zhangbyr-zhauyp-aua-temperaturasy-tomendeidi/
