Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда үш жасар Ахмедияр Еркінбектің өмірін сақтап қалу үшін көмек керек

    Ахмедияр Еркінбек
    Ахмедияр Еркінбек. Кадр: "КТК" арнасы

    Алматыда үш жасар бүлдіршін жомарт жандардың көмегіне мұқтаж. Ахмедияр Еркінбек сирек кездесетін генетикалық аурумен күресіп келеді. Өмірін сақтап қалу үшін бір ғана екпе керек. Ал оның құны — бір жарым миллиард теңге, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Осыдан бір жыл бұрын анасы ұлының денсаулығын тексертпек болып қан талдауын тапсырған. Сол кезде дәрігерлер балаға Дюшен бұлшықет дистрофиясы диагнозын қойыпты.

    Баланың бұлшықеті әлсіз болғандықтан, басын өздігінен көтеріп, орнынан тұра алмайды. Бұл дертті емдеуге отандық медицина қауқарсыз. Ал қажет екпені отбасының қалтасы көтермейді. Сондықтан науқастың ата-анасы көпшіліктен көмек сұрап отыр. Олар бүгінге дейін 45 миллион теңгедей жинапты.

    "Баламызда дистрофин деген ген 79 экзомнан тұрады, соның 45-экзомы жоқ екен. Соның салдарынан баланың бұлшық етіне дистрофин деген ақуыз бармай, осы ауру туындайды екен. Біздің кішкентай ғана үш жасар ұлымызға осындай өте ауыр, сирек кездесетін диагноз қойылып отыр. Оның емі 1,5 млрд теңгеге жуық қаражатты құрайды. Сіздерден қолдау сұраймыз. "Көп түкірсе көл болар" деген", - дейді Ахмедиярдың анасы Фариза Мәулен.

    +7 707 199 8049 Фариза Маулен

    Kaspi Bank: 4400 4303 1699 3960

    Halyk Bank: 4003 0351 8597 4446

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Алматыда үш жасар Ахмедияр Еркінбектің өмірін сақтап қалу үшін көмек керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram