Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Блогер Қайсар Қамзаның ісі": күдіктілер арасында АҚШ пен Украина азаматтары бар

    Қайсар Камзаны ұстау сәті
    Қайсар Камзаны ұстау сәті. Кадр: "КТК" арнасы

    Блогер Қайсар Қамзаның ісі бойынша күдіктілер арасында АҚШ пен Украина азаматтары бар. Қаржы мониторингі агенттігі блогер Қайсар Қамзаның ісіндегі күдіктілердің есімін жариялады, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Блогер аса ірі мөлшерде табыс тауып, лицензиясыз электрондық казино қызметін заңсыз ұйымдастыруға шет мемлекеттерден қолғабыс жасады деген күдікке ілінді. Әзірге атышулы іс бойынша тағы төрт күдікті пайда болды.

    Мәселен, шетелде жүрген Дмитрий Дружинский мен Марина Левкович-Гинзбург онлайн-казинолардың қызметін үйлестіріп отырған деп айыпталуда.

    Олар банктермен өзара тығыз қарым-қатынаста болып, жаңа сыбайластарды тарту жұмысын өз мойнына алды деп күдіктеліп отыр.

    Аталмыш қылмыстық іске отыздан астам блогер тартылуы мүмкін деген болжам бар. Солардың бірі — Вьетнамнан экстрадицияланған отандасымыз Қайсар Қамза.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    "Блогер Қайсар Қамзаның ісі": күдіктілер арасында АҚШ пен Украина азаматтары бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram