Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстандықтар Telegram-дағы ақауларға шағымданды

    Telegram
    Telegram. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Бүгін, 13 тамызда, қазақстандықтар кей өңірлерде Telegram мессенджері жұмыс істемей қалғанын байқап, жазып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Detector404 порталының ақпаратына сәйкес, қазақстандықтар Telegram жұмысындағы ақаулар туралы шағым айтып, шамамен сағат 11:25-тен бастап жаза бастаған.

    Материал жарияланған сәтте шағымдар көбінесе Астана қаласы, Қарағанды, Павлодар облыстары, сондай-ақ БҚО, Алматы облысы және СҚО тұрғындарынан түскен.

    Detector404 порталының деректері
    Detector404 порталының деректері. Фото: detector404.kz

    Шағымдардың 53,5 пайызы iOS пайдаланушыларынан түсуде. Пайдаланушылар көбінесе хабарламалар жетпей жатқанына наразылық танытқан және мобильді қосымшаның жұмысындағы ақаулар туралы жарыса хабарлап жатыр.

    Қазақстандықтар "медиа жүктелмей" жатқанын, "желіге қосылу" қиындағанын, "хабарлама жіберілмей жатқанын" байқаған.

    Қазақстандықтар Telegram-дағы ақауларға шағымданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram