Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша

    Ноутбук алдында отырған қыз
    Басын ұстап отырған қыз. Көрнекі фото: Рexels.com

    Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде 444,6 мың қазақстандық жұмыссыз. Бұл есепке 4,8 миллионға жуық азамат кірмеген, оның ішінде үй шаруасындағы әйелдер мен студенттер бар. Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқи аласыздар.

    Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2026 жылдың 2-тоқсанында Қазақстанда 444,6 мыңға жуық жұмыссыз азамат тіркелген. Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4,5 пайызға саяды. Бұл көрсеткіш алдыңғы тоқсандағы деңгеймен бірдей.

    Еске сала кетейік, Қазақстанда жұмыссыздық Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) әдістемесі бойынша анықталады. Оған табыс әкелетін жұмысы жоқ, белсенді түрде жұмыс іздеген және жақын арада жұмысқа кірісуге дайын 15 жас және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің үлесі жатады.

    Елімізде жұмыс күші санатына кіретін 9,8 миллионнан астам адам бар. Оның ішінде 7,3 миллионға жуық азамат жалдамалы қызметкер болса, 2,1 миллионнан астамы жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жалдау шартынсыз еңбек ететін басқа да тұлғалар.

    Сонымен қатар 15 жастан асқан 4,8 миллионға жуық адам жұмыссыздық бойынша статистикаға енген жоқ. Бұл топқа зейнеткерлер, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және халықтың басқа санаттары кіреді.

    Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі ең жоғары өңірлер

    Қазақстанда жұмыссыз тұрғындардың дені Маңғыстау облысында тіркелді – 5 пайыз. Одан кейін орындарда Атырау, Жамбыл және Павлодар облыстары тұр. Олардың әрқайсысының деңгейі 4,8-ға тең.

    2026 жылдың 2-тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайыз, Алматыда – 4,4 пайыз, ал Шымкентте 4,6 пайызға тең. Ең төменгі көрсеткіш Қарағанды облысы мен Ұлытау өңірінде тіркелді – 4 пайыз.

    Еске сала кетейік, Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтар әлеуметтік төлемдер ала алады. Өтемақы алты ай бойы төленуі мүмкін.

    Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram