Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Халықаралық іздеуде болған ер адам Оңтүстік Кореядан Қазақстанға қайтарылды

    елге жеткізілген күдікті
    Елге жеткізілген күдікті. Видеодан кадр: ҚМА

    Халықаралық іздеуде болған ер адам Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚМА Интерпол қолдауымен бұған дейін халықаралық іздеу жарияланған Ұлан Мұхтарұлы Байболовты Корея Республикасынан Қазақстанға қайтарған.

    "Тергеу деректеріне сәйкес, Ұ.М. Байболов салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүйелі түрде төлеуден жалтарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған.

    Қылмыстық әрекет мынадай жолмен жүзеге асырылған: кәсіпорындар сатып алынып, жалған басшылардың атына қайта тіркелген, олардың банк шоттары арқылы қаржы операциялары жүргізілген, салық есептілігіне көрінеу бұрмаланған мәліметтер енгізіліп, кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

    Осы тәсілде пайдаланылған кәсіпорындардың бірі – "Сфера" ЖШС. 2014 жылы Ұ.М. Байболов аталған серіктестік директорының орынбасары қызметіне тағайындалған.

    Нәтижесінде топ мүшелері серіктестіктің есеп айырысу шоттарынан 2,5 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұдан бөлек, қосымша есептелген салық көлемі 1 млрд теңгеден асқан", - делінген хабарламада.

    Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

    Агенттік тергеу жалғасып жатқанын, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.

    Халықаралық іздеуде болған ер адам Оңтүстік Кореядан Қазақстанға қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram