Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Құны кенеттен өскен": Теміртауда алаңды жөндеуге бір жарым млрд теңге қажет

    Алаң
    Алаң. Кадр: "КТК" арнасы

    Теміртауда атқамінерлерге әкімдік жанындағы алаңды жөндеу үшін бір жарым миллиард теңге қажет. Олар 600 млн теңгеге жоспарланған жоба құнын аяқ-асты екі есе өсіріп жіберген. Енді мұны естіген жұрт шенеуніктердің бұл шешіміне наразы, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    "Міне, бізде жол болу керек еді. Көшелерге коммуникация төрт жыл бұрын тартылды. Біз күтуден әбден шаршадық. Халыққа келгенде бюджетте ақша жоқ. Ал өздеріне қажет болса, ақша да, мердігерде табыла кетеді. Ең бірінші тұрғындардың жағдайын жасау керек қой! Алаңға қыруар қаржы шашу деген мүлде ақылға қонымсыз!", - дейді белсенді Наталья Мухина.

    Қазір жергілікті билік алаңды жөңдеуге шешім қабылдап, оның айналасын қоршап үлгерген. Тіпті ішін қопарып, қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Ал негізгі жоба 2021 жылы әзірленген. Оның құны сол сәтте 600 миллион теңгеге бағаланған. Бірақ уақыт өткендіктен, атқамінерлерге бұл қаражат жетпей қалған көрінеді.

    Олар қажет құрылыс материалдарының бағасы қымбаттап кеткенін айтуда. Сондықтан алаңның күрделі жөндеу жұмысына бір жарым милрд теңге жұмсауды ұйғарыпты. Оның өзінде бұл қаражат ондағы ескі субұрқақты қайта қалпына келтіруге жеткіліксіз. Енді шенеуніктер құрылыс аяқталғаннан кейін, оны алып тастамақшы. Ал мамандар жұрттың алаңдауына негіз болған жылу құбырларының жөңделіп жатқанын айтып ақталды.

    "Қазір қалада жылу магистралі желілері бойынша жұмыс жүргізілуде. Оған бюджет қаражаты бөлінді. Мердігер мекемелер де анықталған. Ал алаңға келсек, ол өте ескі, тозығы жетіп тұр. Бүгінде күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Өйткені бұл көптеген адам серуенқұрып, демалатын орын", - дейді Теміртау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Думан Серіков.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    "Құны кенеттен өскен": Теміртауда алаңды жөндеуге бір жарым млрд теңге қажет

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram