Таразда ескі үйлер тегін жөнделіп жатыр
Жарияланған күні:

Таразда 50 жыл бұрын салынған ескі үйлер тегін жөнделіп жатыр. Бұл бастама қаланың сәулеттік келбетін бірыңғай үлгіге келтіру үшін 2 жыл бұрын қолға алынған, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.
Биыл 9 көпқабатты үй жаңа кейіпке енеді. Баспаналардың шатыры ауыстырылып, сырты жаңартылады. Жөндеу жұмыстарына қала бюджетінен биыл 1,5 миллиард теңге бөлінген.
Жалпы шаһардағы 1 438 көппәтерлі тұрғын үйдің үштен бірі қайта жаңғыртуды қажет етеді. Соңғы 2 жылда соның 27-і жөнделген.
"9 үйде әрқайсысында кемі 25-30 адамнан жұмыс істеп жатыр. Бұл жерде сыртқы қабырғаларды қаптаудан бөлек, жұмысшылар тобы, шатыр бөлек. Қазіргі таңда жұмыстар 80 пайызға аяқталған. Үйлердің шатыры толық орналастырылған. Сыртқы қабырғаларында майда жұмыстар жүргізілуде. Қазан айында толық аяқталатын болады", - дейді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Мақсат Рахымбеков.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2411396-tarazda-eski-uiler-tegin-zhondelip-zhatyr/
