Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысында биология пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылғанына келіспей, сотқа жүгінді

    мұғалім
    Мұғалім. Көрнекі фото: pexels.com

    Жамбыл облысында тұрғын мектептегі екі бірдей қызметінен босатылғанына келіспей, сотқа жүгінді, деп хабарлайды өңірлік сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

    Жамбыл аудандық сотының мәліметінше, 2026 жылғы сәуірде жұмыс берушінің бұйрығымен азаматша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және биология пәнінің мұғалімі қызметтерінен босатылған.

    Жұмыстан босатуға қызметтік тексеру материалдары мен аттестаттарды рәсімдеу кезінде міндеттерді тиісінше орындамауға байланысты полиция органының ұсынысы негіз болған.

    "Қызметкер жұмыстан босатумен келіспеді. Оның пікірінше, жол берілген бұзушылықтар туралы тұжырымдар жеткілікті дәлелдермен расталмаған. Ол сондай-ақ оған аттестаттарды рәсімдеу жөніндегі комиссия төрағасының міндеттері жүктелген бұйрықпен тиісті түрде таныспағанын атап өтті.

    Сонымен қатар тексеру барысында анықталған жағдайлар оның директордың орынбасары ретіндегі жұмысына қатысты болды, ал биология мұғалімі ретінде оның міндеттерін бұзу анықталған жоқ. Ол педагогикалық жұмысын жалғастырған және тәртіптік жазасы болмаған", - делінген сот таратқан хабарламада.

    Істі қарау барысында тараптар судья-медиатордың қатысуымен келісімге келген.

    "Оның шарттарына сәйкес, мектеп қызметкерді 2026 жылдың тамызынан бастап 8 сағаттық жүктемемен, ал 1 қыркүйектен бастап 16 сағаттық толық жүктемемен биология пәнінің мұғалімі лауазымына қабылдауға міндеттенді.

    Сондай-ақ жұмыс беруші биология пәнінің мұғалімі қызметінен босату туралы бұйрықтың күшін жоюға және мәжбүрлі жұмыста болмаған уақытына жалақы төлеуге міндеттенді", - делінген хабарламада.

    Сот келісімді бекіткен және іс бойынша өндірісті тоқтатқан.

    Жамбыл облысында биология пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылғанына келіспей, сотқа жүгінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram