Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Фотосурет арқылы қазақстандықтардың жеке деректеріне қол жеткізуге бола ма

    Телефон ұстаған ер адам
    Телефон ұстаған ер адам. Иллюстрациялық фото: Bronek Kaminski/Getty Images

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында eGov порталына кіру кезінде биометриялық сәйкестендірудің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жаслан Мәдиев "Киберқауіпсіздік туралы" жаңа заң деректерді сақтау, бүркемелеу және оларды мемлекеттік базалардан шығару тәртібін қатаң реттейтінін атап өтті.

    "eGov-та әрбір азамат өзінің деректерін кім және не үшін сұратқанын көре алады, сондай-ақ оларды өңдеуге келісім бере алады немесе бас тарта алады. Биометриялық сәйкестендіру кезінде жүйе адамның тірі немесе жансыз екенін тексереді, сондықтан фотосурет немесе дипфейк арқылы тексерістен өту мүмкін емес", - деп сендірді цифрлық даму министрі.

    Сонымен қатар министр SMS-код, ЭЦҚ немесе құпия сөз арқылы қосымша растау қолданылатынын айтты.

    Фотосурет арқылы қазақстандықтардың жеке деректеріне қол жеткізуге бола ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram