Алматы көшелерінің бірінде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі
Жарияланған күні:

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол толығымен жабылмайды.
"Жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жолдағы жылдамдық режимін сақтауды және уақытша орнатылған жол белгілерінің талабын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.
Көлік қозғалысына енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат Telegram-дағы @AlmatyJoly арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" қосымшаларында жарияланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2411105-almaty-koshelerining-birinde-zhondeu-zhumystaryna-bailanysty-kolik-qozgalysy-shekteledi/
