Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Елімізде әрбір төртінші әйел харассментпен бетпе-бет келеді: заң аясында бұдан қалай қорғануға болады

    Күйзеліске түскен әйел
    Күйзеліске түскен әйел. Көрнекі сурет: ingwervanille/Getty Images

    Елімізде әрбір төртінші әйел харассментпен бетпе-бет келеді. Алайда оның 30 пайызға жуығы ғана құқық қорғау органдарына шағымданады. Арызданбауға "ұят болады" деген ой мен заңнамада "сексуалдық харассмент" деген жеке баптың жоқтығы себеп. Құқықты заң шеңберінде қалай қорғау керек? Бұл сұраққа "Астана" арнасының тілшісі жауап іздеп көрді.

    Нәзік жандылардың 71 пайызға жуығы өмірінде ең болмағанда бір рет харассменттің түрлі формасымен бетпе-бет келеді. Әсіресе халық лық толы қоғамдық көліктер — артық тиісіп, шекараны бұзатындардың негізгі алаңына айналған. Адам ырғын жерде жазасыз қалатынына сенімді агрессорлар тіпті камерадан да, айналадағылардан да қаймықпайды.

    Десе де қысым көргендердің басым бөлігі полицияға арызданбақ түгілі, дауыс шығарып айта алмай іштей тынады. Өйткені мұндайда агрессордың арбауы мен психологиялық манипуляциясы іске қосылады. Жәбірленуші көбіне өзін кінәлі сезінеді немесе "мұнымды ешкім түсінбейді" деп қорқады.

    "Харассменттен кейін бірінші қадам — мойындау. Өзінің құрбан болғанын, яғни өзінің шекарасы бұзылғанын, өзінің қысымға ұшырап жатқанын ол бірінші орында мойындауы керек. Ол жақсы көргеннен емес, шын мәнінде қатігез агрессордың қармағына түскенін білуі керек. Сосын бұл жерде манипуляция бар. Өйткені манипуляцияда егер кетем деген жағдайда, мен қазір хабарлаймын, шағымданамын деген кезде манипуляцияға ұшырап жатады. Мен сені жақсы көрем деген сияқты. Үнемі кешірім сұрап, бір уақыт алып алады. 2 айдан кейін бұл жағдай қайтадан басталады", - дейді психолог Лимана Қойшиева.

    Сондай-ақ отандық заңнамада "сексуалдық харассмент" деген жеке ұғымның немесе арнайы баптың жоқтығы да жағдайды күрделендіріп тұр. Заңгерлердің айтуынша, мұндай әрекеттер көбіне тек "ұсақ бұзақылық" ретінде бағаланады. Ал егер қорқытып, дөрекі күш қолданса ғана қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

    "Халық арасында "видео болмаса, тиісу фактісін дәлелдеу мүмкін емес" деген түсінік бар. Бұл — қате. Заң бойынша, тек тікелей түсірілген видео ғана емес, куәгерлер мен жәбірленушінің жауабы, сот-медициналық сараптамалар да негізгі дәлел бола алады. Сот барлық материалды жиынтық түрде тексереді", - дейді Қазақстан Кассациялық соты қылмыстық істер жөніндегі судьясы Инна Каркада.

    Сондықтан мамандар қауіп төнген сәтте сасқалақтамай, бірден айналадағылардың назарын аударуға кеңес береді. Куәгерлердің нөмірін жазып алып, камера жазбаларын талап ету — қылмыскерді жазасыз қалдырмаудың төте жолы.

    Автор: Аяулым Изатқызы

    Елімізде әрбір төртінші әйел харассментпен бетпе-бет келеді: заң аясында бұдан қалай қорғануға болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram