Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Полицейлер енді 65 жастан асқан жүргізушілерді жиі тоқтататын бола ма: департамент жауабы (видео)

    Егде жастағы жүргізуші
    Егде жастағы жүргізуші. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жаңа ережелер күшіне енгеннен кейін 65 жастан асқан жүргізушілерді полиция қызметкерлері жиі тоқтата ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Естеріңізге сала кетейік, 25 тамыздан бастап "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

    Түзетулерге сәйкес, 65 жастан асқан жүргізушілер, сондай-ақ мүгедектігі бар жүргізушілер әр екі жыл сайын медициналық тексеруден өтуге міндетті.

    Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек егде жастағы жүргізушілерді медициналық тексеруден өткен-өтпегенін анықтау үшін жиі тоқтата ма деген сауалға жауап берді.

    "Бұл қандай да бір шектеу нормасы емес, бұл жақсы ниетпен жасалған норма — егде жастағы адамдардың жол-көлік оқиғаларына түсуін болдырмау. Әрине жас келген сайын адамның денсаулығы нашарлайды, көру қабілеті, әрекет ету қабілеті нашарлайды. Салдарынан қандай да бір жол-көлік оқиғалары орын алмауы үшін норма енгізілді. Бұл міндетті түрде, талап бәріне бірдей", - дейді Салтанат Әзірбек.

    Ол қазіргі таңда медициналық мекемелерде адамдардың көп шоғырлануы, кезек түзілуі болып жатпағанын, барлығы жұмыс тәртібіне сай жасалып жатқанын ескертті. Осы орайда полиция қызметкерлері 65 жастан асқан жүргізушілерді арнайы тоқтатып жатпайды.

    "Егер азамат 65 жаста немесе 65 жастан асқан болса, қолы бос кезінде барып, медициналық тексеруден өткені жөн", - деп қосты Салтанат Әзірбек.

    Полицейлер енді 65 жастан асқан жүргізушілерді жиі тоқтататын бола ма: департамент жауабы (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram