Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    43 градус ыстық: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    аптап
    Аптап ыстық. Көрнекі фото: skaman306/Getty Images

    Қазақстанның бірқатар өңірінде 10 тамыздағы ауа райына байланысты ескерту жарияланды, елде жауын-шашын мен аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

    10 тамызда Ұлытау облысында 35-38 градус ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар.

    Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі бар.

    Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с болады. Күндіз 35-38 градус ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, кешке таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз 35-38 градус аптап ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Алматыда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

    Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Шымкентте 10 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

    Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыста, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 36-39 градус ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Астанада күндіз 35 градус ыстық күтіледі.

    Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус ыстық күтіледі.

    10 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз 35-38 градус ыстық болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус ыстық күтіледі.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыс бойынша күндіз 38-40 градус қатты ыстық болады.

    Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

    Қызылорда облысында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ақмола облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

    43 градус ыстық: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram