Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Далада еркін шауып жүрген Тоқаевтың асыл тұқымды сәйгүлігі желі қолданушыларын тәнті етті (видео)

    Ақжан
    Ақжан. Видеодан кадр: instagram.com/bydastann

    Танымал блогер Дастан Мұхамедрахым президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың асыл тұқымды арғымақтарын видеоға түсіріп, оны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бейнероликтің қаралымы 500 мыңнан асқан. Желі қолданушылары Ақалтеке тұқымына жататын тұлпарға тәнті болып, оның сұлулығына тамсануда.

    "Мықты! Қандай әдемі, кербез жылқы! Өзің де әдемі түсіріпсің. Қайталап көріп отырмын", "Ерекше әдемі", "Шап, жануар, аяғың талмасын", - деп пікір қалдырған олар.

    Дастан Мұхамедрахымның айтуынша, президенттің тұлпарын далада алғаш болып түсіру құрметі оған бұйырған.

    "Ақжан – Ұлы даланың қанатты тұлпары. Президентіміздің сүйікті арғымағы. Ғажап!" - делінген бейнежазба сипаттамасында.

    Еске сала кетейік, мамырдың басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев арғымақтарының суретін жариялаған еді. Ол демалыста тұлпарларын көріп қайтқан.

    Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайға Ақжан деп өзі ат қойған.

    "Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады", - деп сипаттайды тұлпарды мемлекет басшысы.

    Далада еркін шауып жүрген Тоқаевтың асыл тұқымды сәйгүлігі желі қолданушыларын тәнті етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram