Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодарда 8 жастағы баланың аяғы ойын алаңында қысылып қалды

    оқиға орны
    Оқиға орнынан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Павлодарлық құтқарушылар балалар алаңында аяғы қысылып қалған 8 жастағы балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    112 қызметінің пультіне Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесінде орналасқан балалар алаңында 8 жастағы баланың қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетіп, баланы балалар алаңының қысылып қалған элементінен босатты.

    Балаға медициналық көмек қажет болмаған.

    Павлодарда 8 жастағы баланың аяғы ойын алаңында қысылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram