Астанадағы тасжолдың бір бөлігі бір айға ішінара жабылады: жүргізушілер нені білуі керек
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Қорғалжын тасжолындағы учаскеде көлік қозғалысы бір айға ішінара шектеледі. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Астана әкімдігінің Telegram-дағы арнасында 8 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Қорғалжын тасжолының "Рубеж" бекетінен №128 көшеге дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектелетіні ескертілді. Бұл аралықта орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.
Әкімдік өкілдері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер қойылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2410081-astanadagy-taszholdyng-bir-boligi-bir-aiga-ishinara-zhabylady-zhurgizushiler-ne-bilui-kerek/
