Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тегін оқуға тағы бір мүмкіндік: қазақстандық ЖОО-лар 2 000-нан астам ішкі грант ұсынады

    студент
    Студент. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Қазақстандық ЖОО-лар талапкерлерге екі мыңнан астам өзіндік білім беру грантын ұсынады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, республикалық бюджет және жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттарынан бөлек, Қазақстанның жоғары оқу орындары талапкерлерге өзіндік білім беру гранттарын, оқу ақысына жеңілдіктер мен атаулы стипендияларды ұсынады.

    2026 жылы жоғары оқу орындары ұсынатын ректорлық, университеттік және ішкі білім беру гранттарының жалпы саны екі мыңнан асады. Гранттарды беру талаптарын әр университет дербес белгілейді.

    Іріктеу кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері, академиялық жетістіктер, "Алтын белгі" иегері болуы, олимпиадалар мен ғылыми, шығармашылық және спорттық жарыстардағы нәтижелер, сондай-ақ талапкердің әлеуметтік жағдайы ескеріледі.

    "Жалпы университеттердің өзіндік гранттары мен жеңілдіктері академиялық жетістіктері жоғары талапкерлерді қолдауға, дарынды жастарды ынталандыруға және әлеуметтік осал санаттар үшін жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

    Гранттар мен жеңілдіктердің нақты саны, құжат қабылдау мерзімдері, талаптары және қажетті құжаттар тізімі әр жоғары оқу орнында әртүрлі. Толық және өзекті ақпаратты талапкерлер таңдаған университеттің ресми сайтынан немесе қабылдау комиссиясынан нақтылай алады", - делінген хабарламада.

    Биыл ең ірі бағдарламалардың бірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жүзеге асырылады. 2026-2027 оқу жылына Түркия Республикасы тарапынан 500 дәстүрлі білім беру квотасы бөлінген. Құжаттар 2026 жылғы 10-15 тамыз аралығында қабылданады. Конкурсқа мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысуға жарамды ҰБТ сертификаты бар және университет белгілеген шекті балды жинаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

    Ішкі гранттар ұсынатын Қазақстанның басқа да ЖОО-лары туралы министрліктің ресми сайтынын білуге болады.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.

    Биыл 75 мыңнан астам талапкер Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған.

    Сондай-ақ білім грантына іліге алмаған талапкерлерге тағы қандай мүмкіндік бар екенін жазған едік.

    Тегін оқуға тағы бір мүмкіндік: қазақстандық ЖОО-лар 2 000-нан астам ішкі грант ұсынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram