Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Білім грантына іліге алмаған талапкерлерге тағы қандай мүмкіндік бар

    Студент
    Студент. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар бөлетін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, жыл сайын әкімдіктер өңірлер үшін сұранысқа ие және басым бағыттар бойынша кадрларды мақсатты даярлауға білім беру гранттарын бөледі.

    Биыл жергілікті атқарушы органдар (бакалавриат, магистратура, резидентура бағдарламалары бойынша) оқуға 2392 білім беру грантын бөлген.

    "Ең көп грантты Астана қаласының әкімдігі – 303, Шымкент қаласы – 285 грант, Шығыс Қазақстан облысы – 270 гранттан бөлді. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы – 211 грант, Абай облысы мен Түркістан облысы – 200 гранттан, Ақмола облысы – 199 грант, Қарағанды облысы – 198 грант, Атырау облысы – 187 грант, Маңғыстау облысы – 163 грант бөлді. Қалған өңірлердің әрқайсысы 100-ге жуық грант ұсынды", - делінген хабарламада.

    Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет. Өтінішке білім туралы құжат, негізгі ҰБТ сертификаты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда) қоса тапсырылады.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан және жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Білім беру гранттарын беру туралы шешімді тиісті әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.

    Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.

    Биыл 75 мыңнан астам талапкер Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған.

    Кейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грантқа түсе алмаған талапкерлердің ата-аналарына үндеу жасады.

    Білім грантына іліге алмаған талапкерлерге тағы қандай мүмкіндік бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram