Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы – Павлодар бағытындағы әуе рейстері қайта жанданады

    Ұшақ
    Ұшақ. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    1 қыркүйектен бастап FlyArystan Алматы – Павлодар – Алматы бағыты бойынша рейстерді қайта іске қосады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әуекомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, күнделікті орындалатын рейстер Алматы мен Павлодар арасында ыңғайлы әрі тұрақты әуе қатынасын қамтамасыз етеді.

    FlyArystan стандартты тарифіне салмағы 7 кг-ға дейін және өлшемі 56×23 ×36 см-ден аспайтын бір дана қол жүгі кіретінін еске салды.

    "Қосымша қызметтерді билетпен бірге сатып алған жағдайда жолаушылар 70 пайызға дейін үнемдей алады", - деді компания өкілдері.

    Алматы – Павлодар бағытындағы әуе рейстері қайта жанданады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram