Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда демалыс күндері 41 градусқа дейін ыстық күтіледі

    күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім
    Күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім. Көрнекі фото: pexels.com

    Синоптиктер 8-10 тамыз аралығына арналған Қазақстандағы ауа райына болжам ұсынды. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, өңірлерге қайтадан аптап ыстық келеді.

    Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағындағы ауа райына ауқымды антициклон ықпал етеді, сондықтан ыстық әрі құрғақ ауа райы күтіледі.

    Алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды жүйелердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін, кей жерлерде бұршақ жауады.

    Сондай-ақ республиканың шығысында аталған кезеңнің басында, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында оңтүстік циклонының әсерінен жаңбырмен қоса найзағай күтілуде.

    Барлық өңір тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр: Иран аудандарынан келетін жылы ауа массалары ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді:

    • елдің солтүстігі мен шығысында – 35-39 градусқа дейін,
    • оңтүстігінде – 35-41 градусқа дейін,
    • батысы мен орталығында – 36-41 градусқа дейін ыстық болады.
    Қазақстанда демалыс күндері 41 градусқа дейін ыстық күтіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram