Маңғыстауда жоғалып кеткен әйелді ТЖМ қызметкерлері үш күн іздеді
Жарияланған күні:

Маңғыстауда жоғалып кеткен әйелді ТЖМ қызметкерлері үш күн іздеді. Ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ол аман-есен табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметіне сүйенсек, іздестіру жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің үйлестіруімен полиция қызметкерлері, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мен еріктілер қатысқан.
Табылған әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Алғашқы медициналық тексеру және қажетті көмек көрсету үшін ол жедел жәрдем қызметкерлерінің сүйемелдеуімен ауруханаға жеткізілді.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған барлық қызметкерлерге, полиция қызметкерлеріне, еріктілерге және іздеу шараларына қолдау білдіріп, бейжай қарамаған барша азаматтарға шынайы алғысын білдірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2409566-manggystauda-zhogalyp-ketken-aieldi-tzhm-qyzmetkerleri-ush-kun-izdedi/
