Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Павлодар облысында 9 ауылда әлі күнге дейін ұялы байланыс жоқ

    Ұялы байланыс
    Ұялы телефон ұстап тұрған адамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Павлодар облысында 9 ауылда ұялы байланыс жоқ, себебі халық саны аз болғандықтан, байланыс компаниялары ұялы байланыс желілерін орнатуға құлықсыздық танытыпты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Оның үстіне кейбір байланыс компаниялары тиісті міндеттемелерін орындамаған. Соның кесірінен тағы 2 ауыл байланыссыз қалды.

    "Май ауданындағы, Саты және Успен ауданындағы Таволжан ауылдарын сапалы ұялы байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі лицензиялық міндеттемелерін орындамаған. Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс жолданды", - дейді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ердос Жүсіпов.

    Павлодар облысында 9 ауылда әлі күнге дейін ұялы байланыс жоқ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram