Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Желіде "шетел жұлдыздарының" Қазақстан туралы жалған мәлімдемесі тарады

    тараған ақпарат
    Жалған ақпарат. Фото: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы

    Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы шетелдік әртістердің, спортшылардың және басқа да танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысын пайдалану арқылы жасалған дипфейктердің таралуын тіркеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Орталық мәліметінше, бейнероликтерде Қазақстан көші-қон режимін күшейтті деген жалған айыптаулар таратылған.

    "Сондай-ақ шындыққа еш қатысы жоқ және әдейі ұйымдастырылған ақпараттық арандатулардың бір бөлігі ретіндегі ақпараттық манипуляция тәсілдері қолданылады", - делінген хабарламада.

    Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мұндай ақпараттық шабуылдардың негізгі мақсаты – Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің жағымсыз бейнесін жасанды түрде қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратты одан әрі таратуға тарту екенін атап өткен.

    "Орталық азаматтарды сыни ойлауды сақтауға, ақпарат көзі тексерілмеген эмоциялық бейнероликтерге сенбеуге және жалған әрі арандатушылық сипаттағы ақпаратты таратуға жол бермеуге шақырады", - дейді олар.

    Айта кетейік, желіде ашық таралған фото-, аудио- және бейнематериалдардың жасанды интеллект көмегімен генерацияланғанын тексеру үшін мамандандырылған сервистер де бар. Олардың ішінде ең танымалдары – Hive AI Moderation, Undetectable AI, Sensity AI компаниясының RealityGuard сервисі және т.б. Бұл платформалар цифрлық контентті синтетикалық өңдеудің ықтимал белгілеріне талдау жүргізеді.

    Желіде "шетел жұлдыздарының" Қазақстан туралы жалған мәлімдемесі тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram