2 млн теңгеге дейін: Қазақстанда жоғары жалақы төленетін қандай бос жұмыс орындары бар
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанда жұмыс берушілер білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс, көлік және логистика салаларындағы мамандарды белсенді түрде іздестіруде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.
Электронды еңбек биржасында Қазақстан бойынша 53 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылған.
Жұмыс берушілер білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс, көлік және логистика салаларына мамандар іздеп жатыр. Сонымен қатар арнайы мамандығы немесе кәсіби тәжірибесі жоқ азаматтарға да лайықты жұмыс орындары ұсынылған.
Ұсынылатын жалақы көлемі маманның кәсібіне, біліктілігіне және жұмыс тәжірибесіне қарай өзгереді.
Қазіргі таңда 11 мыңнан астам бос жұмыс орны бойынша жалақы мөлшері 300 мың теңгеден жоғары.
Білікті мамандар үшін жоғары жалақысы бар жұмыс орындары да бар.
Мәселен:
- IT саласында – 2 млн теңгеге дейін;
- өндіріс саласында – 1,7 млн теңгеге дейін;
- құрылыс саласында – 1,2 млн теңгеге дейін;
- ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларында – 1 млн теңгеге дейін;
- білім беру саласында – 750 мың теңгеге дейін жалақы ұсынылады.
Жұмыс іздеп жүрген немесе кәсіби бағытын өзгерткісі келетін азаматтар Электрондық еңбек биржасы арқылы өзіне қолайлы вакансияны тауып, жаңа мүмкіндіктерге жол аша алады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2409289-2-mln-tenggege-deiin-qazaqstanda-zhogary-zhalaqy-tolenetin-qandai-bos-zhumys-oryndary-bar/
