"Кипрден пәтер": қазақстандық 100 млн теңге жымқырды деген күдікпен Грузиядан жеткізілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан азаматы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерполының қызметкерлері Грузиядан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялаған.
"Ол 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында Кипрден пәтер сатып алуға жәрдем көрсетемін деген сылтаумен, бірнеше ақшалай аударым арқылы, Қазақстан азаматшасының 100 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен жымқырып кеткен деп күдіктелуде", - делінген хабарламада.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
2026 жылғы маусымда күдікті Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2409130-kiprdan-pater-satyp-aluga-komektesemin-100-mln-tengge-zhymqyrdy-degen-qazaqstandyq-gruziiadan-zhetkizildi/
