"Сіздерге жақсы жаңалығым бар": Саясат Нұрбек білім беру гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатынын айтты
Жарияланған күні:

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 2026 жылғы 7 тамыз күні сағ. 15.00-де негізгі әрі ресми ақпарат көздерінде жарияланады", - деп жазды министр Telegram-дағы арнасында.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары мен министрліктің ресми ақпарат көздерін мына жерден қарауға болады.
"Қымбатты талапкерлер! Алдарыңыздағы үлкен өмір жолы жарқын жетістіктерге, тың мүмкіндіктерге және толайым табысқа толы болсын! Еңбектеріңіз ақталып, армандаған мамандықтарыңыздың студенті атануларыңызға шын жүректен тілектеспін", - деді Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтінім берілген.
Қабылдау науқанының қорытындысы бойынша, болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтер мен мұғалімдер арасында бір гранттық орынға бәсекелестік жоғары болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2409095-sizderge-zhaqsy-zhangalygym-bar-saiasat-nurbek-bilim-beru-granty-iegerlerining-tizimi-qashan-zhariialanatynyn-aitty/
