Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Өскеменде үлкендігі тауық жұмыртқасындай бұршақ жауып, қатты жел соқты (фото, видео)

    Бұршақ
    Бұршақ. Кадр: instagram.com/novosti_ukg1

    Бүгін, 5 тамызда Өскеменде ауа райы күрт бұзылып, жаңбыр жауып, бұршақ түсті және қатты жел соқты. Қала әкімі табиғи апаттың салдары туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Instagram парақшасында қолайсыз ауа райына, атап айтқанда, жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жететін екпінді желге, жаңбырға, найзағай мен бұршаққа байланысты 15-ке жуық ағаш құлап, қала бойынша 25 мың абонент электр қуатынсыз қалғанын мәлімдеді.

    "Барлық мәселе жеке бақылауымда, қазір барлық жедел топ жұмыс істеп жатыр. Қысқа мерзім ішінде барлық ақау жойылып, электр қуаты беріледі, жолдарды құлаған ағаштардан тазартамыз", - деп сендірді қала басшысы.

    Әкім сонымен қатар қалада табиғи апаттың салдарын жою жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті.

    Сондай-ақ әлеуметтік желілерде тұрғындар қолайсыз ауа райының фотолары мен видеоларын жариялай бастады. Кадрлардан қатты желден ағаштардың майысып жатқанын көруге болады.

    Өскемендіктерді әсіресе бұршақ таңғалдырды. Олар бұршақтың үлкендігі тауық жұмыртқасындай болғанын жазуда.

    Өскеменде үлкендігі тауық жұмыртқасындай бұршақ жауып, қатты жел соқты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram