"Заңды талаптарды орындауды сұраймыз": терроризмге қарсы жедел штаб алматылықтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб қала тұрғындары мен қонақтарына бейсенбі, 6 тамыз күні өтетін терроризмге қарсы оқу-жаттығулар туралы ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабының мәліметінше, 6 тамызда сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін Алматы қаласы, Құлжа тасжолы, 2 мекенжайында орналасқан "Халық Арена" көпфункционалды кешенінің аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығу барысында адамдар көп шоғырланатын нысандардағы түрлі ықтимал жағдайларға жедел әрекет ету мәселелері пысықталады.
"Осыған байланысты азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ іс-шараға тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді өтінеміз", - делінген хабарламада.
Жедел штаб Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2408861-zangdy-talaptardy-oryndaudy-suraimyz-terrorizmge-qarsy-zhedel-shtab-almatylyqtarga-undeu-zhasady/
