Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Рақымшылық бойынша қанша сотталған адам босатылды: ІІМ дерегі

    түрме
    Түрме. Иллюстрациялық фото: Hans Neleman/Getty Images

    ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев рақымшылық туралы заңның жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстанда рақымшылық туралы заңды жүзеге асырудың алғашқы нәтижелері туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев баяндады.

    "Бүгінгі таңда соттарға 10 мыңға жуық ұсыным жолданды", - деді ол.

    Нияз Рыспаевтың айтуынша, соттар мыңнан астам материалды қарап үлгерген. Оларды қарау қорытындысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылған.

    "Бостандыққа шыққаннан кейін бұл азаматтарға әкімшілік қадағалау белгіленеді", - деп атап өтті комитет өкілі.

    Рақымшылық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға да қатысты.

    "Пробация қызметінің есебінде тұрған тағы 724 азамат жазаны өтеуден босатылды", - деді Нияз Рыспаев.

    Сонымен қатар сотталған 730-дан астам адамның жаза мерзімі қысқартылған. Соттарда ұсынымдарды қарау жұмыстары жалғасып жатыр.

    Рақымшылық бойынша қанша сотталған адам босатылды: ІІМ дерегі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram