Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады: министрлік жауабы

    Тест нәтижесін қарап тұрған талапкерлер
    Тест нәтижесін қарап тұрған талапкерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Мемлекеттік білім гранты конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады. Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ата-аналар ведомстводан "грант конкурсының нәтижесін қайдан көруге болатынын" жиі сұрайтындықтан, министрлік бұл сұраққа жауап беретін ақпаратты ұсынуды жөн көрген.

    "Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін ең маңызды сәттердің бірі – конкурс қорытындысының жариялануы. Бізге жиі қойылатын сұрақтардың бірі – "Грант конкурсының нәтижесін қайдан көруге болады?".

    Сіздерге 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланатын негізгі әрі ресми ақпарат көздерін ұсынамыз", - делінген министрлік хабарламасында.

    Ведомство ұсынған ресми ақпарат көздері:

    Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:

    • https://t.me/SayasatNurbekOfficial
    • https://www.facebook.com/sayasat
    • https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
    • https://sayasatnurbek.com/

    Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздері:

    • https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
    • https://t.me/gylym_jogary_bilim
    • https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
    • https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

    Ғылым және жоғары білім министрлігі осы орайда грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланатынын еске салып, барша талапкерге сәттілік тіледі.

    Қазақстанда грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады: министрлік жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram