Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

    Құрылыс алаңы
    Құрылыс алаңы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда құрылыс саласындағы тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша төрт компания лицензиясынан айырылды, тағы 350 құрылыс компаниясының лицензиясының қолданылуы тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Сондай-ақ, қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс қызметімен айналысатын 437 субъектіге қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

    Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың қызметіне ерекше назар аударылды.

    Атап айтқанда, "SK BEST Spec Story KZ" ЖШС жобалау қызметінің І санаттағы мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар "Отау-Құрмет" ЖШС мен "ҚазҚСҒЗИ" АҚ ЕҰ лицензияларынан айырылды. Ал "Сәулет Құрылыс Консалтингі" ЖШС лицензиясының жекелеген қосалқы түрінің күші жойылды.

    Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Алматыда өз біліктілігін дәлелдей алатын, белгіленген талаптарды сақтайтын және құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ететін компаниялар ғана жұмыс істей алатынын атап өтті.

    Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылған еді. Олардың көбі әлеуметтік нысандардың құрылысын жүзеге асырған.

    Алматыда төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram