Автокредит рәсімдеуге көндірген: Астанада қылмыстық топ 100-ден астам адамды алдаған
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары қаржы пирамидасын құрғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Астана прокуратуруасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, сотта қылмыстық топ құрамында 10-нан астам адамның болғаны және олардың әрқайсысының өзара нақты бөлінген міндеттері болғаны анықталған.
"Топ мүшелері азаматтарды 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы төленетініне сендіріп, автокредит рәсімдеуге көндірген.
Сонымен қатар несие бойынша міндеттемелерді өздері өтейтіндерін уәде еткен. Алынған автокөліктер заңсыз сатылып, олардың бір бөлігі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығарылған", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық әрекеттердің салдарынан 100-ден астам азамат жәбірленуші деп танылып, барлығы 165 автокөлік рәсімделген.
"Сот үкімімен кінәлілер ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету, қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету, сондай-ақ алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Оларға 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп мәлімдеді прокуратура.
Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылған. Сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2408068-avtokredit-rasimdeuge-kondirgen-astanada-qylmystyq-top-100-den-astam-adamdy-aldagan/
