Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Үлкен Алматы өзені жағалауының бір бөлігі жаяу жүргіншілер үшін жабылады

    Үлкен Алматы көлі
    Үлкен Алматы көлі. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Үлкен Алматы өзенінің жағалауында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, осыған байланысты уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty_Joly-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта жаңарту және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарына байланысты жағалаудың кейбір аумағында жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс кезең-кезеңімен уақытша шектеледі.

    "Алғашқы кезеңде жұмыстар №1 бөгеттен әл-Фараби даңғылына дейінгі шығыс жағалау бөлігінде жүргізіледі. Кейін шектеу жағалаудың Абай даңғылына дейінгі келесі аумақтарында кезең-кезеңімен енгізіледі", - делінген хабарламада.

    Жұмыс барысында суару жүйесі мен жүргінші жолы қалпына келтіріліп, жиектастардың бір бөлігі ауыстырылады. Сондай-ақ бұталар мен көгал қайта егіліп, ағаштар санитарлық мақсатта кесіледі.

    "Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеуді ескеріп, жол белгілерінің талабын сақтауды және бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!" - делінген хабарламада.

    Жағалаудың жабылатын аумағы
    Жағалаудың жабылатын аумағы. Фото: AlmatyJoly

    Үлкен Алматы өзені жағалауының бір бөлігі жаяу жүргіншілер үшін жабылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram